RU
Головкиннің промоутері боксшының әнұраннан не себепті бас тартқанын айтты
Жаңалықтар Спорт

Головкиннің промоутері боксшының әнұраннан не себепті бас тартқанын айтты

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер боксшының өз әнұранын шырқаудан бас тартуы жайлы Оскар Де Ла Хойяның айтқанымен келіспейтінін жеткізді. Ол Альварес өкілінің шу шығарған мәлімдемесіне жауап берді деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мексикалық боксшының промоутері Головкиннің тобы жекпе-жек алдында әнұран шырқаудан бас тартып жатқанын айтқан болатын. Ол қазақстандық боксшының өз елін қолдамайтынын баса жеткізді.

Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, жекпе-жек алдында әнұранды айту өз алдына бір бөлек рәсім.

Алайда, Геннадий Головкиннің өкілі Альварес промоутерінің мәлімдемесімен келіспейтінін айтты. Ол қазақстандық боксшының тобы ұлттық әнұрандарды шырқау PPV-көрсетілімге дейін болып кеткенін қалағанын түсіндірді.

Том Леффлердің айтуынша, боксшылар бұл шешімді жекпе-жекке ештене кедергі келтірмес үшін қабылдаған.

Оған қоса, GGG промоутері мексикалық боксшының тобы Головкиннен шындыққа жанаспайтын мәлімдеме үшін кешірім сұрау керектігін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
3
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel