RU
Кезекті жеңісінен кейін мешітте дәретхана жуған танымал футболшыға жұрт риза болды
Жаңалықтар Спорт

Кезекті жеңісінен кейін мешітте дәретхана жуған танымал футболшыға жұрт риза болды

Рассказать Вконтакте

Ағылшын Премьер-Лигасында "Ливерпуль" мен "Лестер" арасындағы матчта жеңіске жеткен соң жартылай қорғаушы Садио Мане жергілікті мешітке барып, дәретхана жууға көмектескен. Футболшының бұл әрекеті Twitter желісіндегі The Sportsman парақшасында жарияланды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: M.championat.com

Фото: M.championat.com

Видеода Мане шелекті суға толтырған, ал қасындағы белгісіз балақай дәретхананы арнайы құрылғымен жуа бастапты.

Бұл бейнежазбаны көрген желі қолданушылары Маненің Ливерпульдағы бұл мешітке жиі келетінін айтқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel