RU
Семейде із-түзсіз кеткен үш баланың анасы өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Семейде із-түзсіз кеткен үш баланың анасы өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

20 тамыздан бері із-түзсіз жоғалып кеткен семейлік Динара Әубәкірованың денесі табылды деп хабарлайды Алтайньюс порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Динара Әубәкірова. Фото: altaynews.kz

Динара Әубәкірова. Фото: altaynews.kz
Source: UGC

Полиция қызметкерлері мен еріктілер тобы үш баланың анасын 10 күнге жуық іздеген еді. Алайда күні кеше Rina.kz еріктілер тобы Вконтакте әлеуметтік желісінде оның қаза болғанын хабарлаған.

Марқұмның қайдан табылғаны және қандай жағдайда қаза болғаны әзірге белгісіз. Ресми емес ақпарат бойынша, келіншектің денесі Ертіс өзенінен табылған екен.

Еске сала кетейік, Динара Әубәкірова 20 тамыз күні үйінен шығып кетіп, сол беті қайта оралмаған.

Еріктілердің айтуынша, 38 жастағы әйел Нахаловка елді мекеніндегі үйінен сағат кешкі бестер шамасында шыққан. Өзімен бірге телефонын да, құжаттарын да алмаған көрінеді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel