RU
Астанада көпір астына сыймай қалған жүк-көлігінің "төбесі" жұлынып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада көпір астына сыймай қалған жүк-көлігінің "төбесі" жұлынып қалды

Рассказать Вконтакте

Астанада жолаушылар жүретін көпір астымен жүйткіген жүк көлігі көпірмен соқтығысып, темір тұлпардың үстіңгі бөлігі жұлынып қалды. Аталмыш бейнежазбаны Instagram желісіне жүктеген белгілі блогердің айтуынша, жүк көлігі көпір астына саймай қалған. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Бейнежазбаны танымал блогер Тәңірберген Бердоңғарөзінің Instagram парақшасына жүктеген жүктеген. Ол онда:

"Мына көпір мен жол арасындағы биіктік бар-жоғы 2 метрді құрайды. Биік көліктер әрине мұндай көпірге сыймайтыны анық. Осыны алдын-ала жоспарлап барып, салмаса болмайтын ба еді? Олар мына тұсқа көпір мен жол арасындағы биіктікті де жазып қойған. Алайда оны ешкім байқамайды. Міне бүгін де дәл сондай жағдай, газель көпірге соғылып, иесі қарадан-қарап шығынға батып отыр" деп жазған.

Айта кетерлігі оқыс оқиға қаланың сол жағалауындағы Қонаев көшесінің бойында, "Астана опера" ғимарытының дәл алдында орын алған. Болған жайтты қаланың ІІД растап отыр. Олар оқиға бүгін түскі сағат 12-лер шамасында болғанын мәлімдеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel