Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киелі Түркістанның қақ ортасында жын-ойнаққа айналған сауна жұрттың ашуына тиді

Опубликовано:

Түркістан қаласының қақ ортасындағы жын-ойнаққа айналған сауна жұрттың ашуына тиді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, саунада жеңіл жүрісті қыздар қалталы азаматтарға қызмет көрсетеді екен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: elorda.info
Көрнекі фото: elorda.info: UGC

Киелі қаладағы сауна қызметі туралы әлеуметтік желілерде тарап кеткен видео көпшіліктің қызу талқысына түсті. Қоғам белсендісі Әлқожа Балхожаев саунада қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздарды видеоға түсіріп, "Youtube" әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөліскен.

Бейнежазбада саунаға келушілерге қыздар интимдік қызметтерін ашық ұсынады. Олар бір сағаттық қызметі "6000 теңге" екендігін жасырмай айтса, ал сауна сағатына "4000 мың теңге" екендігін жеткізген.

Өңірдегі NUR.KZ тілшісі әлеуметтік желіде таралған видеоның авторы Әлқожа Балхожаевпен сұхбаттасты. Қоғам белсендісі жеңіл жүрісті қыздар қызмет көрсететін саунаға лауазымды тұлғалардың қатысы бар деп болжайжы.

"Адам саудасымен айналысып кеткендерді түсінбеймін. Сол менің басымды ауырататын. Бұл саунаның жұмыс істегеніне 15 жыл болыпты. Мұның артында лауызымды тұлғалар тұр. Егер бір азамат бір шелек көмір ұрласа, оны бірден қамайды. Ал бұларға қарсы ешкім шара қолданбайды. Салдарынан қарапайым халық зардап шегіп жатыр. Тәнін саудалап жүрген қыздар осылайша бала-шағасын асырамақшы. Сауна қожайындары қарапайым халықты қанап ақша тауып жатыр", - дейді Әлқожа Балхожаев.

Айта кетейік, түркістандық жұрт желіні шулатқан жерді құзырлы орган саунасы деп атайды. Тұрғындардың мәліметінше, сауна он жылдан аса жұмыс істеп келеді. Әрі дәл тұрғын үйлердің ортасында орналасқан.

Ол жерде жеңіл жүрісті қыздар демалушыларға ашық түрде қызметін ұсынады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750607-kieli-trkistanny-kak-ortasynda-zyn-ojnakka-ajnalgan-sauna-zrtty-asuyna-tidi/

pixel