RU
Қазақ көкпаршылары мінетін ат таба алмай, Қырғызстаннан қайтып келді
Жаңалықтар Спорт

Қазақ көкпаршылары мінетін ат таба алмай, Қырғызстаннан қайтып келді

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанда өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан көкпар құрамасы ұятқа қалды. 12 жылқы таппаған спортшылар ойын басталарына бірер уақыт қалғанда cайыстан бас тартуға мәжбүр болған. Бұл туралы Instagram желісіндегі @kazakh_karabair тобы жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Шолпан-Ата қаласындағы айтулы додаға отандастарымыз жылқыны жалға алуды жоспарлап барған. Алайда ол жақтан тұлпар таппаған көкпаршылар ойыннан бас тартып, елімізге оралуға мәжбүр болыпты.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары отандастарымыз үшін ұялып отырғандарын жеткізді. Олар ұлттық спорт түрінен өтіп жатқан аламанға қатыса алмаған қазақстандықтардың масқара болғанын айтып, реніштерін білдірді.

"Қазақ атқа жарымады ма? Не сұмдық?", "Осыдан кейін көкпар біздікі деп қалай айтамыз?", "Қайтқандары ұят болды", -деп жазды олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
30
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel