RU
Ақтөбеде қонаққа кеткен ер адам бір аптадан бері ес-түзсіз жансақтау бөлімінде жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде қонаққа кеткен ер адам бір аптадан бері ес-түзсіз жансақтау бөлімінде жатыр

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде бір аптадан бері есін жинай алмай жатқан жолаушыны қаққан көлік табылмай жатыр. Туыстары қонаққа кеткен бауырының жансақтау бөлімінде жатқанын аурухана қызметкерлерінен естіген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Бақыт Медетов

Бақыт Медетов

"Оқиға 26 тамыз күні таңғы сағат 4-тер шамасында болған деп болжап отырмыз. Бауырымды Қорайлы ауылының тұсындағы тас жолда көлік қағып, қашып кеткен. Қағып кеткен көлік табылмай жатыр. Інім бір аптадан бері ес-түзсіз жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді Бауыржан Медетов.

40 жастағы Бақыт Медетов сол күні таныстарының үйіне қонаққа барған.

"Біз інімнің ауруханада жатқанын төрт күннен кейін ғана білдік. Келініме медбикелер хабарласып айтқан. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын тіркеді. Інімнің қалтасында жеке куәлігі де, телефондары да жүр. Ал бізге хабар келген жоқ. Ол ешкімі жоқ адамдай жансақтау бөлімінде жата берген", - дейді ағасы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel