RU
Астанада маса шаққан бойжеткен қайтыс болды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада маса шаққан бойжеткен қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Елордада бойжеткен маса шағып алғаннан кейін көз жұмған. Бұл қайғылы оқиға туралы марқұмның құрбысы Бибен Жүнісова өзінің Facebook парақшасында хабарлаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Әйел адамның айтуынша, 30 тамыз күні 28 жастағы екі баланың анасын маса шағып алған. Ертесіне оның бетінде ісік пайда болып, ол дәрігерлерге жүгінген.

Ауруханада келіншек преднизолон екпесі салынғаннан кейін көз жұмған.

Денсаулық сақтау министрлігі Sputnik Қазақстанға хабарлауынша, болған оқиғаға қатысты министрлікте арнайы тексеріс жүріп жатыр. Оған қоса тергеу жұмыстарын тәртіп сақшылары да бастап кеткен.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел адамда анафилактикалық шок орын алған. Аллергияға қарсы салынған преднизолон екпесінен кейін оның жағдайы ушығып кетіп, ол көз жұмған.

"Тиісті нәтижелерге қол жеткізгеннен кейін ғана өлімнің нақты себебін айтуға болады", - деп айтты министрлік өкілдері.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel