RU
Жартылай жалаңаш образдарын хиджабқа алмастырған отандық әнші туралы не білеміз?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жартылай жалаңаш образдарын хиджабқа алмастырған отандық әнші туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Кезінде отандық шоу-бизнесте дүркіреп тұрған атышулы "AmouAge" тобы өзінің жартылай жалаңаш образды әнші қыздарымен танымал болған. Оның құрамында, ерлер қауымын ерекше мінсіз мүсінімен естен тандырған басты жұлдыз Элвира Құспанова болған. Алайда уақыт өте келе ару топтан кетіп ашық киімдерін хиджабпен алмастырған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Элвира Құспанова танымал қазақстандық топ құрамында ұзақ уақыт бойы өнер көрсетті. Оның құрамындағы арулар үнемі өзінің ашық образдарымен ел талқысына ілініп жүрді.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Жартылай жалаңаш күйде ән айтатын бойжеткендер үнемі халық сынына ұшырап тұрған. Алайда, оған қарамастан топтың өзіндік табынушылар қатары да болды.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Өзінің мінсіз мүсінін әрдайым ел алдына паш етуге жасқанбай, жаттығу залынан шықпайтын Элвира бір мезетте өмірін өзгертуге шешім қабылдаған. Шоу-бизнес әлемінде еркін жүріп, атаулы кештерден қалыспай дене сымбатын барынша көрсетуге тырысатын арудың хиджаб киіп кетеді деп ешкім үш тұрып ұйықтаса ойламаса керек.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Алайда, бойжеткен өмірінің серігін тауып шоу-бизнеспен қош айтысуға шешім қабылдайды. Элвираның топтан кетер алдында берген сұхбатында ол отбасылық өмірді әрдайым әншіліктен жоғары қоятынын айтқан.

Бүгінде Элвира Құспанова Осман есімді ұлдың анасы. Біраз уақыт бойы әлеуметтік желілерде көрінбей кеткен ол қайтадан Instagram-да парақша ашып, өз өміріндегі қызықтарымен бөлісуде. Алайда, арудың күйеуі туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Желі оқырмандары әнші қыздың ажырасып кеткенін болжап жазуда. Қалай болғанда да, кезінде ерлерді естен тандырған Элвираның парақшасы бүгінде жас ананың жазбаларына толы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel