RU
Елімізде сот алғаш рет химиялық кастрация жасау туралы үкім шығарды
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде сот алғаш рет химиялық кастрация жасау туралы үкім шығарды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда сот алғаш рет сотталушыға химиялық кастрация жасау туралы үкім шығарды. Бұл туралы брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Ca-news.org

Көрнекі фото: Ca-news.org

Вице-министр 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің химиялық кастрацияны қолдану туралы бұйрығы шыққанын атап өтті.

"Сот шешіміне байланысты республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Бүгін үкім бойынша химиялық кастрация жасау туралы алғашқы сұраныс келіп түсті", - деді ол.

Алайда Ақтаева алғашқы химиялық кастрацияның қандай қылмыс үшін берілгені туралы ештеңе айтпады.

"Сот шешімі бар, қазір дәрігерлік-кеңестік комиссия мүшелерінің жиналысы өтіп жатыр. Енді психиатриялық кеңес болады, содан кейін бұл әрекет жүзеге асады", - деп толықтырды вице-министр.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
6
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel