RU
Белгілі мүсінші әйгілі Абылайханның Семейдегі мүсіні лайықты орнын таппай отырғанына ашынды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Белгілі мүсінші әйгілі Абылайханның Семейдегі мүсіні лайықты орнын таппай отырғанына ашынды (фото)

Рассказать Вконтакте

Семейдің Үржар ауданындағы орта мектепте Абылайханның граниттен сомдалған бюсті мектептің қуысында екі жылдан бері тұр. Оны жасаған маман белгілі тұлғанның мүсіні лайықты орнын таппай отырғаны жанға бататынын айтуда. Бұл туралы Алтайньюс порталына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Бюстті граниттен қашап жасаған белгілі мүсінші Оразамбай Бекбаевтің сөзінше, мұндай жағдай кезінде Бауыржан Момышұлының мүсінімен де болған екен.

"Бауыржан Момышұлының мен сомдаған бюсті бақшамда бес жылдан астам ешкімге керексіз болып тұрып, үлкен күшпен әйтеуір тұғырына қонғанын жақсы білесіздер. Мәселенің мәнісі әлеуметтік желілер арқылы премьер-министрге жетіп шешімін тапқан болатын. Енді Абылайханның да кеудемүсіні осының кебін құшатын түрі бар. Мектепке аудандық, облыстық мәслихаттардың шешімдерінен соң бірнеше жылдардан кейін әрең дегенде атауы берілген. Бірақ, екі жыл болды, бюст көрінбейтін қалтарыста ешкімге керексіз болып тұр. Мұны жергілікті биліктің жауапсыздығы демей не дейміз!?", - дейді мүсінші Оразамбай Бекбаев.

Басылымның мәліметінше, бюст жасалғалы жеті жыл уақыт өткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel