Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Domestos қазақстандық оқушыларға кезекті сыйлығын тарту етті

Опубликовано:

1 қыркүйек күні №35 гимназияда мектеп оқушылары мен ұстаздары, ата-аналар мен Domestos бренді бар Unilever компаниясы өкілдерінің қатысуымен ауқымды жиын болып өтті. Балалардың жүздерінен мерекелік көңіл-күй байқалып тұрды. Өйткені, оқу жылының алғашқы күні күтпеген тосын-сыйлардан басталды.

Domestos қазақстандық оқушыларға кезекті сыйлығын тарту етті

Мерекелік жиын гимназия өкілдерінің құттықтау сөздерінен басталды. Гимназия директоры Ольга Прокопьева білім күніне орай жиылған оқушылар мен ата-аналар алдында сөз сөйлеп, балаларға жаңа оқу жылында керемет көңіл-күй мен сәттілік тіледі.

Оған қоса, гимназия директоры Domestos мектепке елеулі түрде көмек көрсеткенін де айтып өтті.

Domestos қазақстандық оқушыларға кезекті сыйлығын тарту етті

Анықталғандай, компания өз қаражатына бастауыш мектеп әжетханаларында жөндеу жұмыстарын жүргізіп, білім ордасына тазалауға арналған Domestos-тың бір жылдық қорын тарту етті.

Domestos қазақстандық оқушыларға кезекті сыйлығын тарту етті

Domestos қазақстандық оқушыларға кезекті сыйлығын тарту етті
"Мен Domestos-тың бізге көрсеткен елеулі көмегіне өте қуаныштымын. Компания көмегінің арқасында бастауыш мектеп әжетханаларының барлығы күрделі жөндеуден өтті. Ол дегеніміз бастауыш сынып оқушылары үшін барынша қолайлы жағдай жасалуда дегенді білдіреді", - деп айтты Ольга Прокопьева.

Бұл Domestos-тың мектептерге көрсетіп жатқан алғашқы көмегі емес. Компания осымен үш жыл қатарынан қазақстандық білім ошақтарына қолынан келген көмекті аянбай беруде.

Unilever компаниясының директоры Бану Дуйулду бұл тұрғыда өз ойын айтты.

"Неге тазалықты сақтау өте маңызды? Балалар микробтарды жұқтырып алуға бейім болып келеді. Оған қоса, үлкендерге қарағанда 2-3 есе көп ауырады. Сол себепті, олар сабақтарынан қалып, мектеп бағдарламасынан да қалып қойып жатады.

Domestos қазақстандық оқушыларға кезекті сыйлығын тарту етті
Бұны болдырмас үшін біз арнайы Domestos мектеп бағдарламасын жасап шығардық. Биыл біз 1000 қазақстандық мектептерге Domestos-тың бір жылдық қорын сыйға тарту етіп, оқушыларға гигиена туралы 500 ашық сабақ өткізбекпіз. Себебі, ең бастысы - балалардың ауырмай, сабақтарын жақсы оқу", - деп айтты компания басшысы.

Domestos қазақстандық оқушыларға кезекті сыйлығын тарту етті

Сонымен бірге, оқушылармен кездесуге арнайы қазақстандық Youtube каналының жұлдызы Аминка-Витаминка да келген.

Ол балақайларды тазалықты сақтауға шақырып, өз каналында жаңа қызықты шығарылымдардың болатынын уәде етті.

Domestos қазақстандық оқушыларға кезекті сыйлығын тарту етті

Артынан оқушыларды Domestos ұйымдастыруымен өткізілген арнайы театралды көрсетілім күтіп тұрды. Оның басты мақсаты, балаларға микробтармен күресте жеке гигиенаның үлесін көрсету болған. Оқушылардың қуанышты түрлері мен шапалақ соғуына қарап, көрсетілім олардың көңілінен шыққанын аңғаруға болады.

Domestos қазақстандық оқушыларға кезекті сыйлығын тарту етті

№35 гимназияға салтанатты түрде Domestos-тың бір жылдың қоры тарту етілді.

Гимназия директоры Ольга Прокопьева компания тарапынан болған көмектің елеулі болғанын айтып, енді бастауыш мектеп әжетханаларының толығымен жөнделгеніне риза болды.

Domestos қазақстандық оқушыларға кезекті сыйлығын тарту етті

Мерекелік шара барлық жиылғандарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Оқушылар белсенділік танытып, мерекелік шараға атсалысып жатты.

Domestos қазақстандық оқушыларға кезекті сыйлығын тарту етті

Ата-аналар компанияның тазалыққа деген ерекше ықыласын жоғары бағалады.

Domestos қазақстандық оқушыларға кезекті сыйлығын тарту етті

Екі баланың анасы Ирина мектеп пен компания жұмысын мақтап, өз бағасын беріп жатты.

"Жекеменшік компаниялардың білім саласына ерекше мән беретіні қатты қуантады. Domestos-тың істеген игі ісі басқаларға үлгі болу керек. Мен жөндеуден өткен әжетханаларды көрдім, жап-жаңа сияқты. Біздің балалар үшін, мектептегі тәртіп пен тазалық үшін қуанамын" , - деп айтты ана.

Domestos осымен үшінші мектепке өз тарапынан көмек беріп, бастауыш сынып әжетханаларын жөндеуден өткізіп жатыр.

Айта кетейік, Domestos үш жыл ішінде бірқатар қазақстандық мектептерге көмек қолын созып, оларды тазалағыш заттармен қамтамасыз етті.

*PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750655-domestos-kazakstandyk-okusylarga-kezekti-syjlygyn-tartu-etti/

pixel