RU
Малайзияда көлікте төсек қатынасына түспек болған аруларға дүре соғылды
Жаңалықтар Әлемде

Малайзияда көлікте төсек қатынасына түспек болған аруларға дүре соғылды

Рассказать Вконтакте

Малайзияда көлікте төсек қатынасына түспек болған аруларға дүре соғылды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Reuters

Көрнекі фото: Reuters

Тренгану штатында 22 және 32 жастағы арулар сәуір айында көлікте төсек қатынасына түспек болған екен.

Бұл әрекетті анықтаған Шариғат соты тамыз айында бойжеткендерге алты рет дүре соғу мен 3,3 мың ринггит (800 доллардай) айыппұл төлетуді бұйырған.

Бұл үкімнен кейін олар өз кінәсін мойындап, 3 қыркүйек күні 100 адамның көзінше таяққа ілініпті.

Малайзия заңы бойынша, штаттар Шариғат құқығына байланысты шешімдер шығара алады екен.

Ал құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл елдегі төсек қатынасы үшін қолданылған алғашқы жаза болып табылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
2
0
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel