RU
"Сүйген мамандығым қымбат": ШҚО-да ҰБТ-дан 121 балл алған жігіт шаштараз болып жүр
Жаңалықтар Қоғам

"Сүйген мамандығым қымбат": ШҚО-да ҰБТ-дан 121 балл алған жігіт шаштараз болып жүр

Рассказать Вконтакте

2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 121 балл алып, ұстаздары мен жақындарын бір қуантқан аягөздік жігіт Шалқар Қанатұлы бүгінде өңірде білдей шаштараз болып жүр. Жас жігіт жоғарғы оқу орнына түссе де бәрін тастап, бала күнгі арманын ақыры жүзеге асырған деп жазады altaynews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шалқар Қанатұлы анасымен. Фото: altaynews.kz

Шалқар Қанатұлы анасымен. Фото: altaynews.kz

Физика мен математиканы таңдаған жас жігіт бірден Қазақ Ұлттық университетінің механика –математика факультетінің "Автоматтандыру және басқару" бөліміне түсіп, 4 ай оқығаннан соң бәрін тастап, туған қаласы Аягөзге келіп, шаштараз болып еңбек ете бастаған.

Ал бүгінде жан-жақты тәжірибе жинақтаған жігіт өңірде білдей шаштараз.

"Шалқардың мектеп қабырғасында жүргенде-ақ басты арманы шаштараз болу еді. Әкесі Қанат екеуміз оның алған бетінен қайтпайтынын білсек те жоғары білім алуына барлық жағдайды жасаған едік, енді амал жоқ", - дейді анасы Айгүл Бураханова.

Ал Шалқардың ойы бөлек. Ол осындай қадамға барғанын былай деп түсіндіреді.

"Қазір жоғары білім алып, дипломын сандыққа салып қойып жүрген қаншама аға-апаларымызды көріп жүрміз ғой. Менің ойымша осының бәрі мамандық таңдауда жіберілген кемшіліктердің салдары. Ата-ана да перзентінің не нәрсе қолынан келетініне, нені таңдайтынына мән бермегенінің кесірі. Мен өзім сүйетін мамандықты таңдадым. Маған күнделікті еңбегіме берген ақы емес,өзім сүйген мамандығымнан алған ләззатым қымбат", - дейді 19 жастағы жас жігіт.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel