RU
Алматыда күндіз көлік жуып, түнде темір тұлпардың бөлшегін ұрлағандар қолға түсті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда күндіз көлік жуып, түнде темір тұлпардың бөлшегін ұрлағандар қолға түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматының Әуезов ауданында бірнеше көліктің бөлшектеріне қол сұққан әккі ұрылар ұсталды деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Алматы қалалық ішкі істер департаменті

Фото: Алматы қалалық ішкі істер департаменті

"Олар автокөліктердің әйнегін сындырып,ішіндегі бөлшектерін ұрлап отырған. Алынған заттарды өзге сайттар арқылы өзгелерге сатқан. Ұсталған азаматтардың кім екені белгілі болды. Олар Түркістан облысы мен Жамбыл облысының 1992, 1996 жылы туылған азаматтары", - деді Әуезов ауданының ішкі істер басқармасының полиция полковнигі Әлішер Тұрсынбетов.

Фото: Алматы қалалық ішкі істер департаменті

Фото: Алматы қалалық ішкі істер департаменті

Оның айтуынша, азаматтардың бірі бұрын істі болған.

Фото: Алматы қалалық ішкі істер департаменті

Фото: Алматы қалалық ішкі істер департаменті

"Олар қалаға жұмыс істеу үшін келген. Қазір екеуінен заттай алты дерек табылды. Олардың өзге қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деп түсіндірді Тұрсынбетов.

Фото: Алматы қалалық ішкі істер департаменті

Фото: Алматы қалалық ішкі істер департаменті

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel