RU
Павлодарда лауазымды шенеунік парамен қолға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда лауазымды шенеунік парамен қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Павлодарда ірі көлемде пара алды деп айыпталған облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы 2 айға қамауға алынды. 38 жастағы Ернұр Байғұрманов жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 100 мың АҚШ долларын талап еткен деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ернұр Байғұрманов. Фото:pavlodar.gov.kz

Ернұр Байғұрманов. Фото:pavlodar.gov.kz

Тергеу материалдарына қарағанда, шенеунік аталған соманы көмір өндірісімен айналысатын екібастұздық кәсіпкерден сұраған екен. Байғұрмановқа талап еткен 100 мың АҚШ долларын ұстатқан кәсіпкер, кейін бұл туралы құзырлы органдарға жайып салған.

Сөйтіп, шенеуніктің жұмыс орны мен пәтерін түгел тінткен ұлттық бюроның қызметкерлері пара алу фактісінің болғанын анықтаған.

Айта кетейік, осы іске қатысы бар деген күдікпен Мемлекеттік кірістер департаментінің тағы екі қызметкерінің тергеліп жатыр. Ернұр Байғұрмановтың кінәсі дәлелденген жағдайда, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel