RU
Астанада маса шаққан соң көз жұмған келіншекке қатысты жаңа деректер шықты
Жаңалықтар Қоғам

Астанада маса шаққан соң көз жұмған келіншекке қатысты жаңа деректер шықты

Рассказать Вконтакте

Астанада маса шаққан кейін қайтыс болған келіншекке қатысты тың деректер белгілі болды. 28 жастағы семейлік келіншек көзінің тұсынан жәндік шағып, ісіп кеткеннен кейін ауруханаға өзі барған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мақпал Еспенбетова. Кадр КТК арнасындағы сюжеттен алынды

Мақпал Еспенбетова. Кадр КТК арнасындағы сюжеттен алынды

Мақпал Еспенбетова қаралу үшін Астанадағы  №1 қалалық ауруханаға барған. Ондағылар келіншекке аллергияға қарсы "Преднизолон" препаратын егіпті. Өйткені келіншектің аллергиясы бар екен.

Соның кесірінен есінен танып қалған ол ойламаған жерден жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер Мақпалдың өмірі үшін 50 минут арпалысқанымен, жанын сақтап қала алмапты.

Марқұмның артында 8 жастағы ұлы мен 6 жасар қызы қалды.

Жақындары енді оның ажалына дәрігерлерді айыптап отыр. Себебі, екпе салмай тұрып келісімін алмаған дейді.

Ал Денсаулық сақтау министрлігі тайлы-тұяғымен қалмай бұл жағдайға қатысты толыққанды тексеріс бастап кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
8
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel