RU
Қарағанды облысында жол апаты екі адамның өмірін жалмады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағанды облысында жол апаты екі адамның өмірін жалмады

Рассказать Вконтакте

Қарағанды Теміртау тас жолындағы жол апаты екі адамның өмірін жалмады. Екі көліктің бетпе бет соқтығысынан тағы бірнеше көлік бүлініп, 4 адам түрлі жарақаттар алған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр КТК арнасынан алынды

Кадр КТК арнасынан алынды

Соққының қатты болғандығы соншалық, қытайлық "Шанган" көлігінің қозғалтқышы бөлініп қалған. Ал 27 жастағы жүргізушісі мен алдыңғы орындықтағы 34 жолаушысын темір жаншып тастапты. Оларды құтқару мүмкін болмады. 

"Екі адам өкінішке орай қайтыс болды. Ал төрт адам, оның біреуіне қазір операция жасап жатыр. Ол Теміртау қаласындағы орталық ауруханада жатыр. Ал енді үш науқас Теміртау қаласындағы Мақажанов атындағы аурухананың филиалында жатыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. 
Кадр КТК арнасынан алынды

Кадр КТК арнасынан алынды

Болжам бойынша қарсы бағытқа қатты жылдамдықпен Тойота Ланд Крузер көлігі шыққан. Сөйтіп "Шанган" көлігімен соқтығысқан. Ол тағы екі "Газель" жүк көліктерін де жанап өтіпті.

Салдарынан күре жолда бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel