RU
Шекарадан чемоданға тығылып өткісі келген ару шекарашыларды таңғалдырды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Шекарадан чемоданға тығылып өткісі келген ару шекарашыларды таңғалдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Түрік шекарашылары Түркия аумағына чемоданға тығылып өтуге талпынған Өзбекстан азаматшасын ұстады. Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, шекарашылар өзбек әйелді 24 жастағы Грузия азаматының чемоданынан алып шыққан деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: centralasian.org

Фото: centralasian.org

Бұл оқиға түрік-грузин "Сарп" шекарасында тіркелген. Хабарларға қарағанда, Грузияның Г.П. есімді азаматының әрекеті мен оның үлкен чемоданы шекарашылардың күдігін туғызған. Шекарашылар чемоданды ашып көрсетуін талап еткен.

Чемодан ішінен шыққан 27 жастағы Өзбекстан азаматы шекарашыларды таңқалдырды.

Полиция бөлімінде бұл қыздың Түркияға кіруге бес жылға тыйым салынғаны анықталды.

Түркия полициясы қыз бен жігітті қамауға алды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel