RU
"Бәрі Жанболаттың арқасы": Қажылықтан келген әжей әнші ұлына алғысын жаудырды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бәрі Жанболаттың арқасы": Қажылықтан келген әжей әнші ұлына алғысын жаудырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әншілер Жазира мен Жанболат анасын қажылыққа жіберген болатын. Парызын өтеп Қазақстанға қажы болып оралған әжейді барлық жақын туыстары күтіп алған. Әуежайда немерелерін көрген әншінің анасы көз жасын тыя алмады деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Әуежайдан анасын күтіп алуға барған қос жұлдыз желіге төмендегі видеоны жүктеп, көпшіліктің құрметіне ие болып жатты. Желі қолданушылары игі іс істеген жұлдыздарға өз ақ батасын жаудырған.

Бейнежазбада Немерелерімен құшақтасып көріскен әжей "барлығы Жанболаттың арқасы" деп алғысын айтып жатқаны көрініс тапты.

"Қандай әдемі көрініс. Бақытты болыңдар. Ананың алғысын алған адам ешқашан жаман болмайды."
"Балаларыңыздың қызығын көріңіздер, ең қуанышты сәттеріңіз ұзағынан болғай. Көптеген жастар сіздерден үлгі алса болады" , - деп жазып жатты оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel