RU
Өскеменде балалары батпақ кешіп жүрген ата-аналар жанайқайын жеткізді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде балалары батпақ кешіп жүрген ата-аналар жанайқайын жеткізді (видео)

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында Меновое орта мектебінің оқушылары батпақ кешіп жүруге мәжбүр болған. Білім ордасының дәл алдын саз балшық толығымен басып алған. Балаларының жаңа оқу жылына деп алған мектеп формасы мен аяқ киімі қара батпаққа боялған ата-аналар кенже қалып отырған мәселеге қатысты жанайқайын жеткізді деп жазады altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

1 қыркүйек күні барлық қазақстандық мектептер білім күнін атап өтіп жатқанда, Меновое тұрғындарында ондай айтарлықтай мерекелік көңіл-күй болмаған. Оған білім орда алдындағы балшыққа толы қопарылып жатқан жол себепші болды.

Балаларын білім күніне орай мектепке апарған ата-аналар олармен қоса толарсақтан саз кешіп, батпаққа батыпты.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Балшыққа малынып, әбден күйісі кеткен ата-аналар шешімін таппай келе жатқан мәселені көтеріп, әлеуметтік желіге сол күннен түсірілген бейнежазбаларды жүктеп ел талқысына салған.

Толассыз жауған жаңбыр Меновнойдың қопарылып жатқан көшелерін тұтас батпақ пен көлшікке айналдырып жіберді.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Тұрғындардың айтуынша, мектеп әкімшілігі қар түсіп, жердің беті қатқанша  батпақ кешесіңдер деп сендірген көрінеді.

Осы мәселеге орай мектепте жаңа ереже де орнатылып қойылған. Енді балалар өздерімен бірге ғимараттың ішінде киетін қосымша аяқ-киім алып жүру керек. Ата-аналар келіп жатқан бойда бахилла киіп жүруге мәжбүрленген. Бұл ережелер сақталмаған жағдайда ешкім мектептің табалдырығын аттау мүмкіндігіне ие болмайды.

"Бір үйде алты балалы отбасылар бар. Әр қайсысына бір аяқ-киімді әзер әперіп жүргендер қайтпек сонда?" , - дейді ата-аналар.

Мектеп әкімшілігі бұл жағдайға өздерінің кінәлі емес екендерін алға тартып, ат-тонын ала қашқан.

"Неше жыл болды, ары-бері сумен, батпақпен жүргенімізге. Асфальт болмаса да, балалар үшін тым болмаса құм-тас төсеуге болады ғой" , - деп өз жанайқайын жеткізді тұрғындар.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel