RU
52 адам ажал құшқан автобус оқиғасы: Прокурор өрттің қалай шыққанын айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

52 адам ажал құшқан автобус оқиғасы: Прокурор өрттің қалай шыққанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде өртенген автобус оқиғасына қатысты айыптау қорытындысын оқыған прокурор өрттің қалай шыққанын айтып берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сот залынан фото

Сот залынан фото

Мемлекеттік айыптаушы тергеу қорытындысына сай, 52 жолаушы түтінге уланып, қатты күйіктен көз жұмған. Оннан аса адамның денесі қатты күйгендіктен биологиялық сараптама жасауда қиындықтар туындаған. Кейбір дене мүшелері жоқ мәйіттерде бар.

Ал алыс жолға жарамсыз автобус өртіне жүргізушілердің жауапсыздығы бірден бір себеп болған.

"Автобусты көлік жүргізу құқынан үш жылға айырылған Қырғызбаев айдаған. Пернебеков өзінің ұялы телефонына бейнежазба жасап, автобустың жарамсыздығын, сыртта 40 градус аяз екенін, өзі күртенің сыртынан күрте кигенін, автокөлік радиаторындағы судың көтерілмей жатқанын, салдарынан автобус ішінің салқындағанын, бәрінің тоңғанын айтқан", - дейді прокурор Усман Орынбасарұлы.
Сот өтетін жерге жиналған марқұмдардың туыстары

Сот өтетін жерге жиналған марқұмдардың туыстары

18 қаңтар күні таңғы сағат 4-те арзан жанармай құйылған жарамсыз автобус 1068 шақырым жүргеннен кейін аязға шыдамай Ырғыз ауданының тұсында тоқтап қалған. Жүргізушілер көлікті жүргізу үшін дәнекерлеуші шам (паяльная лампа) арқылы жанармай құйылған бакты жылытады. Дәнекерлеуші шамдағы дизельді отын біткенде өтіп бара жатқан әйел адамнан 1000 теңгеге 5 литр жанармай сатып алған. Оның 1,5 литрі дәнекерлеуші шамға құйылады.

"Қырғызбаев жолаушыларды жылыту үшін от шашып тұрған дәнекерлеуші шам мен 3,5 литр жанармай құйылған ыдысты автобус ішіне кіргізген. Ол есіктен 25-30 см жерде салон еденінде отырған. Май құйылған ыдыс 35-40 см жерде тұрған. Сол кезде Қырғызбаев пен Таңатов қастарына тоқтаған автобусқа бару үшін салоннан шығып кеткен. Дәнекерлеу лампасын сөндірмей, салон ішіне тастап кеткен. Пернебеков салон ішінде ұйықтап жатқан. Автобус жүргізушілері Қырғызбаев пен Таңатов қастарына тоқтаған автобусқа жете бергенде жолаушы Исаковтың балағы жанған күйі сыртқа шығып, қарға сөндіріп жатқанын көрген. Сол кезде автобус ішіндегі өрт күшейген. Жүргізуші Пернебеков пен жолаушы Мырзахметов қашып шыққан", - дейді прокурор.

Бұзылған автобустың есігі ашылмай қалған, көлік ішінде терезе сындыратын балға болмаған. Өрт сөндіру құрылғыларының болмауынан 52 жолаушы жанып кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
11
23
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel