RU
"Екі әйелім де тату": Семейлік азамат екі әйелімен бірге тұратынын айтып, мақтанды
Жаңалықтар Қоғам

"Екі әйелім де тату": Семейлік азамат екі әйелімен бірге тұратынын айтып, мақтанды

Рассказать Вконтакте

Семейлік тұрғын екі бірдей әйелмен тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын айтып мақтанды. Айтуынша, қос әйелі ешқашан сөзге келіп көрмепті деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: UDF.by

Көрнекі фото: UDF.by

Семейлік Азат есімді ер адам (авт. аты-жөні өзгертілді) 7 жылға жуық уақыт бойы екі бірдей әйелмен тұрып жатқан көрінеді. Жасы 40-тан асқан ер-азаматтың айтуынша, қос әйелі де ешқашан сөзге келіп көрмепті.

"Шынымды айтсам, бұрындары екі бірдей әйелмен тұрып жатқанымды жасыратынмын. Неге екінші әйеле алды деп ойларсыздар? Бірінші әйелімнен 4 қыз бар. Соңғысына аяғы ауыр болғанда, денсаулығы сыр беріп, қайта бала көтере алмайтындай болып қалды. Ал мен үйдің жалғызымын, соңымнан тұяқ қалдыру керек болды. Сөйтіп, әке-шешемнің, әйелімнің рұқсатымен екінші әйел алдым.

Қазір бәрі мұны естіп, сөгетін шығар. Бірақ егер әйелің рұқсат берсе, ата-анаң қарсы болмаса мұндай әрекетке баруға болады деп ойлаймын. Кәсібім, шаруашылығым бар. Екеуінің де жеке пәтерлері, көліктері бар. Екінші әйелімнен құдайға шүкір екі ұл сүйіп отырмын. Өмірімдегі осы өзгеріске еш өкінбеймін", - дейді ер адам.

Сонымен бірге, ол екі әйел алудан қорықпау қажеттігін айтты.

"Екеуінің жас ерекшелігі жер мен көктей. Бірақ, ешқашан сөзге келген емес. Туған күн, түрлі мерекелерді бірге атап өтеміз. Негізі қазір ондайлар өте көп. Тек бәрі айтуға ұялады. Мен де алғашында бәрімен араласпай, туған-туыстан алшақтап кеткен едім. Қазір ұлдар дүниеге келген соң, көбі түсіністікпен қарауға тырысады. Азаматтарға айтарым, елдің сөзінен қорықпаңыздар. Тағдырдың жазғаны бәрібір болады. Ұрпақсыз қалғанна гөрі, екінші әйел алып, атаңның ұрпақтарын жалғастырған дұрыс деп ойлаймын", - дейді отағасы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
1
1
0
22
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel