Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші рет үйленген отандық актер өз тойында неліктен көңілсіз жүргенін айтты (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Бауыржан Сатовтың екінші рет отау құруы ел арасында шу тудырған болатын. Көпшілік жас актерді өзінің үйлену тойында қуанышты болып көрінбегенін айтып та сөккен. Сынның астында қалған өнер иесі "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында некелесу күнінде көңілсіз жүруінің себебін ашық айтты деп жазады NUR.KZ.

Естеріңізде болса, Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарованың үйлену тойы көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Жұртшылық актерді екінші рет үйленгені үшін сөксе, жас орындаушыны ажырасқан ер адамға тұрмысқа шыққаны үшін сынады.

Сонымен қатар, желі қолданушылары Бауыржан Сатовтың өз тойында жабырқаулы күйде жүргенін байқап, түрлі болжам жасаған.

Кейбіреулері болса, отандық тележүргізушінің мүлде қуанышты емес екенін де жазды.

Осы орайда жұлдызды жұп ел арасында тарап кеткен түрлі қауесеттерге нүкте қоюды ұйғарған.

"Таңшолпан" бағдарламасына қонаққа келген олар бұрын-соңды айтпаған сырларымен бөлісті.

Бауыржанның сөздерінше, актер тойдың бар жауапкершілігі мойнында болғаны үшін, өзін жайсыз сезінген көрінеді.

"Той бағдарламасын өзім басынан аяқ ұйымдастырғаннан кейін, әрбір майда-шүйде заттарға уайымдадым. Үстелдегі салаттар мен тағамдар, өнерпаздардың уақытылы шығуы, асаба мен музыканттардың жұмысы барлығына алаңдадым. Сол себепті солай көрініп қалғам-ау", - деп айтты актер.

Айта кетейік, бұл сұхбат Қазақстан Ұлттық арнасының «Таңшолпан» ақпараттық-сазды бағдарламасында өткен.

Аталмыш бағдарлама кеше ғана жаңа маусымын ашып, көрерменімен қайта қауышты. 1992 жылдың 14 желтоқсанынан бастап эфирге шығып келе жатқан бағдарламада бұл жылы да өзгеріс көп. Мысалы, көрермен көзайымына айналған бұрынғы жүргізушілер экранға қайта оралмақшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1750727-ekinsi-ret-jlengen-otandyk-akter-z-tojynda-nelikten-kilsiz-zrgenin-ajtty-video/

pixel