RU
Елімізде орынтағында ең ұзақ отырған әкімдер анықталды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елімізде орынтағында ең ұзақ отырған әкімдер анықталды

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ тілшілері Қазақстанның барлық өңірлеріндегі әкімдердің еңбек жолын зерттеп, өз орнында кім ұзақ отырғанын анықтады.

Зерттеу барысында 14 облыс пен мемлекеттік мәртебеге ие үш қаланың-Астана, Алматы мен Шымкент әкімдерінің өмір жолдары сарапталды. Сондай-ақ, олардың соңғы жұмыс орнындағы еңбек өтілі есепке алынды.

Қырымбек Көшербаев. Фото: news.ivest.kz

Қырымбек Көшербаев. Фото: news.ivest.kz

Ұзақ уақыт әкім болған саясаткерлердің көшін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Күшербаев бастаған. Ол өз қызметін 2013 жылдың 17 қаңтарынан бастап, яғни, бес жыл сегіз ай атқарып келеді. Ал Елбасы 2018 жылдың мамыр айында зейнет жасына жеткен Күшербаевтың өкілеттігін 2021 жылдың 20 мамырына дейін ұзартты.

Амандық Баталов. Фото: halyq-arna.kz

Амандық Баталов. Фото: halyq-arna.kz

Бұл тізімнің екінші орнына Амандық Баталов жайғасып тұр. Ол Алматы облысының әкімі қызметіне 2014 жылдың 20 тамызында тағайындалған. Оған дейін Баталов өңір басшысының орынбасары қызметін атқарған екен. 2015 жылдың соңында елбасы зейнет жасына жеткен әкімнің өкілеттігін 2020 жылдың 22 қарашасына дейін ұзартты.

Даниал Ахметов. Фото: altaynews.kz

Даниал Ахметов. Фото: altaynews.kz

Әкімдердің үздік үштігін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қорытындылады. Ол бұл қызметті 2014 жылдың 11 қарашасынан бастап, яғни, үш жыл тоғыз ай атқарып келеді. 2017 жылдың маусым айында зейнет жасына жеткен Ахметовтің өкілеттігі 2022 жылдың 15 маусымына дейін ұзартылған.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек әкімдер бәйгесінде төртінші орынға жайғасқан. Ол мегаполисті үш жыл бұрын, 2015 жылдан бастап басқарып келеді.

Бұл тізімде бесінші орынды екі бірдей әкім: Архимед Мұхамбетов (Қостанай облысы) пен Бердібек Сапарбаев (Ақтөбе облысы) иеленді. Олар өз қызметтерін 2015 жылдың 11 қыркүйектен бастап атқарады. Ал 2016 жылдың ақпан айында зейнет жасына жеткен Сапарбаевтың өкілеттігі 2020 жылдың 9 ақпанына дейін өкілеттігін ұзартылған.

2016 жылы елде ірі кадрлық өзгерістер орын алды. Осы уақытта Павлодар облысына- Булат Бакауов, Батыс Қазақстанға- Алтай Көлгінов, Атырау облысына-Нұрлан Ноғаев, Астанаға-Әсет Исекешов, ал Түркістан облысына-Жансейіт Түймебаев тағайындалған болатын.

Ал өткен жылы өңір басшылары болып бірден төрт адам тағайындалды. Олар: Ералы Тоғжанов (Маңғыстау) , Құмар Ақсақалов (Солтүстік Қазақстан облысы), Ерлан Қошанов (Қарағанды облысы) және Мәлік Мұрзалин (Ақмола облысы).

Биыл елімізде екі өңірдің ғана әкімдері ауысқан. 10 қаңтардан бастап Жамбыл облысын Асқар Мырзахметов басқарса, 20 маусымнан бастап Шымкент әкімі қайтадан Ғабидолла Әбдірахымов болды. Ол бұл қызметті 2015 жылдың тамыз айынан 2017 жылдың қазанына дейін атқарған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel