RU
Қостанайда белгілі суретшімен қоштасуға келгендер мәйітханада шошып қайтты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда белгілі суретшімен қоштасуға келгендер мәйітханада шошып қайтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Қостанайда қайтыс болып кеткен жергілікті халыққа танымал суретшіні ақтық сапарға шығарып салуға келген жұртшылық шошып кеткен. Олар Руслан Цечоевпен қоштасуға келіп, өзге марқұмдарды көріп айтарға сөз таппай қалған деп хабарлайды kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kstnews.kz

Фото: kstnews.kz

Белгілі суретшімен қоштасу шарасы келген жұртшылықтың мәңгі есінде қалары сөзсіз. Өйткені, мәйітханада Руслан Цечоевтан басқа тағы екі марқұм жатқанын көрген көпшіліктің зәресі ұшқан. Екі әйелдің өлі денесі табыт та емес, үстел үстінде жатқан.

"Онсыз да қапалы болып жүргенімізде, мұндай көрініске тап болу өте ауыр тиді. Неге ешкім марқұмдарға деген құрметті ойламайды. Тірі адамдардың сезімі мен қабылдауын ойлау керек еді ғой. Олар Руслан туралы естелікті ғана емес, мына екі әйелді де қор қылды.
Фото: kstnews.kz

Фото: kstnews.kz

Неге оларды мүлде танымайтын біздер бөтен адамдардың өлі денесін көруіміз керек? Өзімнің жағдайымды айтып жеткізе алмаймын. Мен өзімді жаман сезіндім", - деп айтты келушілер.

Оқиғаға қатысты мәйітхана басшысы ұялы телефон байланысымен ғана жауап берген.

"Егерде марқұмның туыстары арнайы қоштасу залын жалға алмаса, басқа марқұмдардың ол бөлмеде болуы орынды. Мен бұны ресми түрде айтып отырмын. Ал келушілердің қандай күйде болған-болмағаны маған белгісіз. Егер мекеме басшылығына бағытталған ресми шағым түскенде белгілі бір шаралар қолға алынатын еді. Бірақ бәрібір де оқиғаны зерттейтін боламыз", - деп айтты ол.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да мәйітхана басшылығының сөзін растап отыр. Олар да марқұмның туыстары арнайы залға алдын ала жазылып қою керек екенін алға тартты."

"Олар алдын ала қоштасу залын жалға алмаса онда басқа марқұмдардың болуы мекеменің жұмыс үрдісі болып есептелінеді", - деп айтқан басқарманың баспасөз қызметі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel