RU
Азиада жұлдызын жаққан ең жас чемпиондар туралы не білеміз?
Жаңалықтар Спорт

Азиада жұлдызын жаққан ең жас чемпиондар туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Екі апта бойы құрлық жанкүйерлерінің назарын аударған Джакартадағы жазғы Азия ойындары аяқталды. Құрлықтың кішігірім Олимпиадасы саналатын жарыста Қазақстан 76 жүлде жеңіп алды. Ал елге жеңіс сыйлаған спортшылардың кейбірінің жасы небары 16-17 жаста деп жазады Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Джакартада Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова бастаған арулар көркем гимнастикадан ел намысын абыроймен қорғап, құрлықтағы қарымды қарсыластарын қапыда қалдырды.

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Біздің гимнастар командалық сында 159.850 ұпай жинап, Өзбекстан мен Оңтүстік Корея спортшыларын шаң қаптырған болатын.

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы 2010 жылдан кейін қолымыздан сусып кеткен қос алтынды қайтарып алды. Бұл қазақ жанкүйерлері ұзақ жылдар бойы айтып жүретін жеңіс еді.

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бір қызығы – көркем гимнастика өкілдері Азия ойындарында Қазақстанға алтын медаль сыйлаған ең жас спортшылар ретінде тіркеліп отыр. Азиадада екі дүркін чемпион атанған Алина Әділханова мен командалық сында топ жарған Адиля Тілекенова 17-те болса, Ал Даяна Әбдірбекова небары 16 жаста.

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бүгінде бұл спортшылардың қатары мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басуға дайындалып жатыр. Осы жасқа жетсе де, үйінен бір қадам алыстап көрмегендер бар. Ал біздің чемпиондар замандастарына үлгі болып, жастығына қарамай, Қазақстан атын әлемге паш етуде.

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Айта кетеік, жас чемпиондар Қазақстан атын әлемге танытып, Олимпиада ойындарында үздік төрттікке енген Әлия Юсупованың шәкірттері.

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel