RU
Еліміздегі ең жас вице-министр қызметінен өз еркімен кетті
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздегі ең жас вице-министр қызметінен өз еркімен кетті

Рассказать Вконтакте

Еліміздегі ең жас вице-министр атанған Дана Жүнісова күні кеше ғана қызметінен өз еркімен кеткен. Ал оның орнына аталмыш қызметке Әсет Ерғалиев тағайындалған деп хабарлайды bnews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kapital.kz

Фото: kapital.kz

Басылымның мәліметінше, бұған дейін Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі қызметін атқарған Дана Жүнісова, аталған қызметтен өз еркімен кеткен. Айта кетерлігі, ол бұл қызметкен биылғы жылдың сәуір айында ғана келген еді.

Бұған дейін Дана Жүнісова еліміздегі ең жас вице-министр ретінде танылған еді. Жас шенеунік 1985 жылы Целиноград қаласында туған. Аталмыш қызметке дейін ол "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған екен.

Ал бүгін ведомство басшысы Тимур Сүлейменов экс-шенеуніктің қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді.

"Ешкім қызметінен қуылған емес, өз еркімен, отбасы жағдайына байланысты кетті. Оның қызметіне қатысты қандай да бір теріс пікір айта алмаймын. Керісінше, өз ісінің мықты маманымен істес болғаныма қуаныштымын ", - деп қысқа қайырды министр.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel