RU
Тәжікстан президенті жақындарымен некелесетін халқын сөгіп тастады
Жаңалықтар Әлемде

Тәжікстан президенті жақындарымен некелесетін халқын сөгіп тастады

Рассказать Вконтакте

Тәжікстан президенті жақындарымен некеге тұратын халқына ренішін білдірді. Ол елдегі балалардың мүгедек болуына басты себептің бірі де осы екенін айтты деп хабарлайды ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Ca-news.org

Көрнекі фото: Ca-news.org

Мемлекет басшысы елдегі бес баланың бірі ауру екенін айтып қынжылды. Ол некеге тұратын жастардың медициналық тексерістен өтуі сәбидің аман-есен дүниеге келуіне оң әсер ететінін айтты.

"Жыл сайын елде 1300-1400 мүгедек балалар тіркеледі. Олардың 55-60 пайызы жақын туыстарымен үйленген жастардың сәбилері болып шығады", - деді Эмомали Рахмон.

Сондай-ақ, президент бір мүгедек баланың шығыны жылына 14 мың сомони (1,5 мың доллар) екенін, ал мемлекет бір жылдамұндай сәбилерге 24 миллион сомони (2,5 миллион доллар) жұмсайтынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың қаңтар айында Тәжікстанда жақын туыстардың арасында неке қиюға тыйым салынған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
3
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel