RU
Салтанат Бақаева танымал актриса өзіне "жеңгетай" болғанын айтты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Салтанат Бақаева танымал актриса өзіне "жеңгетай" болғанын айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актриса әрі "Арнау" тобының әншісі Салтанат Бақаева сүйікті жарымен қалай табысқаны туралы айтып берді. Оның сөздерінше, белгілі театр және кино актрисасы Дәрия Жүсіп "жеңгетайлық" етіп, әртісті інісімен таныстырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Бақаева күні кеше жаңа маусымын бастаған "Таңшолпан" бағдарламасына қонақ болып келгенде айтты.

Бүгінде үш баланың анасы атанған әншінің тұңғышы алғаш мектеп табылдырығын аттап, бірінші сынып оқушысы атанған.

Ұлының ынтасы зор екенін айтқан Салтанат қатты қобалжып, жылап алғанын да жасырмады.

Отбасы төңірегінде сөз қозғағандықтан бағдарлама жүргізушісі Берік Есенбай актрисадан жұбайы туралы айтуын сұрады.

"Күйеуім өнер адамы емес. Дегенмен әпкесі Дәрия Жүсіп біздің театрда жұмыс істейді. Сондықтан, өнерден алыс емес деуге болады", - дейді Бақаева.

Осы орайда жүргізуші "Жеңгетайлық жасаған әпкесі болды ғой", - деп қойып қалды.

Бұл сұраққа Салтанат: "Иә, солай болған", - деп жымия жауап берді.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
1
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel