RU
Астанада маса шағып қайтыс болған келіншекке үнді екпесін салған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада маса шағып қайтыс болған келіншекке үнді екпесін салған

Рассказать Вконтакте

Елордадағы №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері 31 тамыз күні маса шағып, ауруханада екпе алғаннан кейін көз жұмған келіншек оқиғасы жайлы мәлімдеме жасады. Маман әйел адамға қандай екпе салынғанын айтты. Олардың қатарында үнді преднизалоны бар болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ (кадр КТК и фото NUR.KZ)

Коллаж NUR.KZ (кадр КТК и фото NUR.KZ)
Source: UGC

31 тамыз күні Мақпал Еспенбетова бетін маса шағып алып, ауруханаға жүгінген. Дәрігерлер тексеріс жүргізу нәтижесінде сол жақ бетіндегі ісікті анықтаған.

"Токсиколог-дәрігер оны қарап шығып, ауруханаға жату керектігін айтықан. Алайда, әйел адам баласын мектепке апару керектігін айтып, емханаға жатуға бас тартты. Ұялы телефонмен күйеуімен сөйлесіп, кету керектігін айтып оған көмек көрсетуді өтінді.
Дәрігермен сөйлескен кезде келіншектің аллергик екені анықтады. Ол бұған дейімаса шағып алған соң супрастин ішкенін айтты. Алайда, одан ешқандай аллергия шықпаған. Дәрігер әйелдің бұған дейін де преднизалонды қолданғанын анықтады.
Оған аллергпрессті екті. Ол дегенімізі жанағы супрастин. Бұлшық етіне кетаролдың бір ампуласын салдық. Преднизолонды 120 мг алғанымен, оның тек 30 мг келіншекке салынды. Ол 4 мл-ді құрайды. Содан кейін, анафилактикалық шок басталып кетті", - деп айтты Марат Абдуов.

Бас дәрігер бұл дәрілердің өзара үйлесімділігінде мін жоқ екенін айтып, олардың мұндай әсер беруі мүмкін емес екендігін алға тартты. Алайда, әйел адамға сынақ жасалынып көрінбегенін де ескеріп кетті.

"Сынақ әдетте антибиотиктерге жасалынады. Преднизолонның өзі шоктік жағдайларда қолданылатын препарат. Оған мүлде сынақ жасалынбайды" , - деп айтты дәрігер.

Бойжеткеннің өліміне не себеп болғаны дәрігерлерге әзірге белгісіз. Оған салынған ампуалардың барлығы дәл сол күні сараптамаға алынып қойды.

"Аллергияның жылдам әсер мен баяу әсері болады. Яғни, ағзадағы аллерген уақыт өте келе жинақтала беріп, соңы аллергиялық шокпен аяқталып жатады", - деп айтты маман.

Оған қоса, дәрігерлер науқасқа препараттарды салу рұқсатын растайтын құжатқа қол өойдырып үлгермегенін мойындады.

"Дәрігер науқаспен оның қандай дәрілерді ішіп көргені туралы сөйлесіп отырды. Содан кейін, келесі палатаға аса ауыр жағдайда жеткізілген адамды әкелген соң, дәрігер оны медбикеге тастап екінші науқасқа шығып кетті.
Құжатқа қол қойдыртып үлгермеді. Дәрігер барып шығып келгенше, әйел адамда анафилактикалық шок басталып кеткен", - деп айтты бас дәрігер.

Дәрігер марқұмның күйеуін ауруханадан шығарып жіберген туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін, ер адам әйелі жатқан кабинетке кірігісі келгенде, ол қайтыс болып кеткенін болжаған болатын.

Айта кетейік, маса шағып алған келіншек 31 тамыз күні қайтыс болған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
3
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel