Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісоваға "жабысып" алып, сүйе берген Төреғали талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Күні кеше Алматыда дүбірлеп өткен Нұрболат Абдуллиннің қызының тұсаукесері желіде әлі қызу талқылануда. Әншінің қуанышына ортақтасуға келген Мақпал Жүнісованы құшырлана сүйіп, құшақтап алған Төреғали Төреәлі көпшілікті таңырқатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Шахназ есімді қызының бір жасқа толуын атап өткен Абдуллин барша өнер жұлдыздарының басын қосқан.

Олардың арасында атағы жер жаратын Халық әртістерінен бастап енді танылып келе жатқан "жұлдыздарға" дейін бар.

Отандық өнер иелері Нұрболаттың қуанышында барынша көңіл көтеріп, тойды жақсы өткізген сыңайлы. Оған желіде жарияланған түрлі фотолар мен видеолар дәлел.

Солардың бірін елдің сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова өз парақшасында бөлісті.

"Нұрболат Абдулиннің қызының тұсау кесеріне де барып қайттым, Шаxназ қызымыздың болашағы жарқын болсын. Әріптестермен арқа-жарқа болдық", - деп жазады Халық әртісі.

Видеоны көрген желі қолданушылары әнші әпкесіне "жабысып" алған Төреғалиді жарыса сөз етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1750778-makpal-znisovaga-zabysyp-alyp-sje-bergen-tregali-talkyga-tsti-video/

pixel