RU
Астанада 4 әйел көз жұмған перзентхананың бас дәрігері жұмысынан босатылды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада 4 әйел көз жұмған перзентхананың бас дәрігері жұмысынан босатылды

Рассказать Вконтакте

Астанада төрт ана көз жұмған №1 перинаталдық орталықтың бас дәрігері қызметінен босатылды. Бұл туралы Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото god2019.net сайтынан алынды

Иллюстрациялық фото god2019.net сайтынан алынды

"Қазіргі таңда қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша қорытынды шығарылады, қазір  №1 перинаталдық орталықтың бас дәрігері қызметінен босатылғанын айта аламын", — деді Надыров үкімет кулуарында. 

Оның айтуынша, бұған дейін перинаталдық орталықта инфекция бар-жоғын анықтау үшін эпидемиологиялық зерттеу жүргізілген. Сараптама мен тексерістер нәтижесі барлығы норма шегінде екенін көрсеткен, сондықтан перзентхана жұмысын жалғастыра береді дейді ол. 

Айта кетсек, 1 қыркүйек күні №1 перинаталдық орталықта төртінші ана көз жұмды. Соңғы үш ай ішінде Астана перзентханаларында бес әйел қайтыс болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
6
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel