RU
Назарбаев Алматыдағы өз атымен аталатын көшеге келді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Алматыдағы өз атымен аталатын көшеге келді

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласына келген мемлекет басшысы Абай және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарын көріп кетті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: vecher.kz

Фото: vecher.kz

Елбасы оңтүстік астанадағы жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін инфрақұрылымы қайта жасақталған Абай және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарын көріп қайтты.

Қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына қала тіршілігін сәулет-құрылыс жүргізу тұрғысынан реттеу үшін пилоттық режімде енгізілген жаңа дизайын-код әдісі жөнінде айтты. Бұл әдіс мегаполистің бірыңғай стилін қалыптастыруға арналған әрі бір құжатта нақтыланған ережелер мен ұсынымдарды айқындайды.

Сондай-ақ, елбасы жалпы ұзындығы 8,7 шақырымды құрайтын Тимирязев және Жандосов көшелерінде тартылған BRT көше-жол желісімен танысты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel