RU
Италиялық жігітпен көңіл қосқан қазақ қызы елдің қызу талқысына түсті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Италиялық жігітпен көңіл қосқан қазақ қызы елдің қызу талқысына түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Интернет желісінде итальян жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының видеосы тарап кетті. Бақытын өзге ұлт азаматынан тапқан ару желіде қызу талқыға түсіп, халық тарапынан сыналып жатты деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Ғаламтор кеңістігіне тарап үлгерген видеода ұлттық нақыштағы киім киіп алған ару өзінің сүйіктісімен бірге тойды өткізген асабаға алғысын жаудырып жатқаны көрініс тапты. Бойжеткен той тізгінін ұстаған адамға рахметін қазақ тілінде айтса, күйеужігіт өзінің игі лебізін итальян тілінде білдірген.

Көпшіліктің болжауынша, бұл қазақ қызының ұзату тойынан түсірілген видео болса керек. Бейнежазбаның астында тойдан кейін жас жұбайлардың Миланға аттанғалы жатқаны жазылған.

Бақытын өзге ел мен өзге ұл өкілінен тапқан аруды желі қолданушылар аяусыз сынап жатты. Оқырмандар қазақ қызының басқа ұлт азаматына тұрмысқа шыққанына қатты ашуланып, оған жағымсыз пікірлерін жаудырды.

Алайда, желідегілер арасында бойжеткеннің қуанышына түсіністікпен қарап, аруға бақыт тілегендер де болды.

"Шетелдікке шықтым деп қуанып тұр ма? Ұят-ай"
"Өзге елден бақыт іздеп, өзге ұлтты, өзге дінді артық көрген қыздар кете берсін. Қазаққа ондай қыздар керек емес. Қазаққа рухы биік ұрпақ тарбиелейтін, өз жағдайын емес елдің намысын ойлайтын иманды қыздар керек!
"Өзгенің сұлтанын құшақтағанша өзінің ұлтанына шәй құйғанды дұрыс.Менімен келісетіндер бар ма?"
"Таң қаламын осындай қыздарға, қазақ жігіттері таусылып қалды ма?"
"Бәрі үйдегі тәрбиеге байланысты ғой"
"Ел не демейді. Бақытты бол, өзге ұлтты суюді қылмыс санамаймын"
"Әркім бақытқа лайықты. Итальянға, испанғама, орысқа ма кімге тигісі келеді, соған тұрмысқа шығады да. Біреудің өміріне араласудың қажеті жоқ!"
"Сондай бақытты көрінеді екеуі де, бақытты болсыншы"
"Тыңдама ешкімді, жүрек қалауын тыңда. Бақытты бол!", - деп жазуда оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
1
4
3
0
26
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel