RU
Головкиннің суреті бар жейде киген Айсауле Бақытбек көпшілікке жақпай қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Головкиннің суреті бар жейде киген Айсауле Бақытбек көпшілікке жақпай қалды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек "Түнгі студия" бағдарламасына қонақ болып қайтты. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ару түсірілімге ашық киініп келген. Ал киімді ауыстыру туралы өтінішке ол бірден қарсылық танытқан көрінеді.

"Бұл шығарылым Головкиннің жұдырықтасу кешіне жақын уақытта шығатындықтан басқаша киіне алмадым. Шынымды айтайын, менен киімімді ауыстыруымды сұрады. Алайда, мен "Айсәуле Бақытбекті шақырдыңдар ма? Міне, Айсәуле Бақытбек дедім", -деп жазды бойжеткен өз парақшасында.

Айсәуленің киімі желі оқырмандарының арасында қызу талқыға түсті. "Керемет, бастысы жалаңаш емес", "Қасыдағы қыз нәзіктеу екен" , "Бұл шығарылымды асыға күтетін боламын" ,- деп жазған қолданушылар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
2
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel