Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне келген бойжеткенді белгісіз біреу зорламақ болған

Опубликовано:

Түркістанда кесенесінде алдында тапа тал түсте жас қыз әлдекімдер жәбір көрген. Киелі жерге дұға етуге келген бойжеткенді белгісіз біреу ұрып-соғып, ұялы телефоны мен алтын бұйымдарын тонап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Сұмдық жағдай 4-ші қыркүйек күні сағат он екілер шамасында болған. Белгісіз азамат Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында бойжеткеннің ұялы телефонын жұлып алып, қашып кеткен. Осы кезде бойжеткен ұрының артынан ұзақ жүгіріпті.

"Мен телефонмен сөйлесіп келе жатқам. Осы кезде біреу телефонымды жұлып әкетті. Ұрының артынан жүгіріп шаршап кеттім. Кейін артқа қарай жүріп бара жатқан кезімде, ұры жігіт мені сайға қарай сүйреп кетті. Сол жерде ұрып-соқты", -деп жылап жіберді бойжеткен.

Бет-аузы қанға боялған қызды көрген куәгерлер бірден жедәл жәрдем шақыртқан. Ауруханаға жеткізілген жәбірленушіге дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бет-аузын тігіп берді.

Оқиға орнына келген полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жәбірленушіден түсініктеме алған тергеушілер қылмысқа барды деген азаматтың түр-тұлғасын анықтаған. Тәртіп сақшылары қазір бойжеткенге қастандық жасаған азаматты жан-жақты іздестіріп жатыр.

"Аталған жәйт бойынша Қылмыстық кодекстің "Зорлауға оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің түр-тұлғасы анықталды. Жәбірленуші 3-курс студентті. Кентау қаласының азаматшасы. Түркістан қаласындағы оқу ордасында білім алады. Қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалды", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1750825-trkistandagy-koza-ahmet-assaui-kesenesine-kelgen-bojzetkendi-belgisiz-bireu-zorlamak-bolgan/

pixel