RU
Қостанайда "Қазагрофинанс" басшысы парамен ұсталды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қостанайда "Қазагрофинанс" басшысы парамен ұсталды

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның Қостанай облыстық департаменті "Қазагрофинанс" акционерлік қоғамының басшысын парамен ұстады деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Facebook

Фото: Видеодан кадр/ Facebook

Бұл әрекет жедел-іздестіру жұмыстары барысында жүзеге асқан. "Қазагhофинанс" басшысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен ауыл шаруашылық техникасы мен құрылғыларды қаржыландыру мәселесі бойынша оңтайлы жауап үшін жүйелік негізде пара алған деп күдіктеліп отыр.

Параның жалпы сомасы 1 млн теңгені құраған. Ол бұл қаржыны 2018 жылдың маусым айынан тамыз айына дейін алып отырыпты.

Пара алудың жалпы бестен аса фактілері тіркелді. Қазір күдікті үй қамауында отыр.

Одан бөлек, жауапкершілікке "Қазагрофинанс" басшысына пара берген ЖШС жауапты директоры тартылып отыр.

Бұл іске қатысты сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel