RU
Сағадиев хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбеген мұғалімдерді жақтады
Жаңалықтар Қоғам

Сағадиев хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбеген мұғалімдерді жақтады

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысындағы Фирдоуси ауылында 1 қыркүйек күні діни киім киген оқушылар мектепке кіре алмаған. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оңтүстіктегі ауылдардың бірінде мектепке хиджабпен келген оқушыларға қатысты шуға түсініктеме берді деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ерлан Сағадиев. Фото: Uralskweek.kz

Ерлан Сағадиев. Фото: Uralskweek.kz

Білім күні Түркістан облысының Фирдоуси ауылында келеңсіз жағдай болды. Хиджаб киген оқушы қыздарды мұғалімдер мектепке кіргізбей, кері қайтарған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан оқушы қыздардың басқа ұлт өкілі екенін аңғаруға болады. Бүгін үкімет білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдегендей, аталған елді - мекенге арнайы комиссия жіберілген.

"Заң бойынша діни киіммен мектепке баруға болмайды. Біз ол жаққа арнайы комиссия жібердік. Оқушылардың ата-анасымен әңгіме жүргізіп, бір шешімге келуіміз керек. Менің тапсырмам бойынша орамал таққан оқушылар мектепке кірмейді. Мұндай жағдай Ақтөбеде де болған", — деді Сағадиев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
1
0
4
1
27
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel