RU
Ақтөбеде алтын белгі иегері өз қатарласын не үшін өлтіргенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде алтын белгі иегері өз қатарласын не үшін өлтіргенін айтты

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақтөбе облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында прокурор алтын белгі иегері Бекназ Кеңшіліктің қатарласын қалай пышақтағанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Азат Дусупов. Фото: NUR.KZ

Азат Дусупов. Фото: NUR.KZ

Айыптау қорытындысы бойынша, оқиға 17 маусымда болған. Сотталушы сол күні таныс достарымен серуенге шыққан. Ол құрбысын шығарып салып тұрып, би кешінде ренжісіп қалған жігітті кездестіреді.

"Кеңшілік сыныптасымен би алаңында аяғын байқаусыз басып кеткен Азат Дүсіповты көреді. Дүсіпов "сөйлесеміз" деп өзімен жүруін талап еткен. Кеңшіліктің қызды бірінші шығарып саламын дегенін тыңдамай тал арасына алып кеткен. Жәбірленуші оң қолымен сотталушыға тән жарақатын келтірген. Кеңшілік қасақана бұзақылық ниетпен спорттық күртесінің қалтасындағы пышақты бірнеше рет бағыттаған", - дейді прокурор Азамат Байболатов.

Өзіне тағылған айыппен толық келіспейтінін айтқан сотталушы қаза болған баланың ата-анасынан жылап тұрып кешірім сұрады.

"Азаттың ата-анасы және туысқандары сіздерден шын жүрегіммен басымды иіп тұрып кешірім сұраймын. Сіздердің алдыңызда кінәмді ешқашан жуып-шая алмаймын. Азатты өлтіру түгілі жарақат келтіру ойым болған жоқ. Жасаған қылмысымды мойындаймын. Бірақ мен қасақана жасамадым. Жазаны өтеуге дайынмын, тек оның әділетті болуын талап етемін", - деді Бекназ Кеңшілік.

Мектепті енді ғана бітірген Азат Дүсіпов жүрек пен сол жақ өкпесінен алған жарақатынан көп қан жоғалтып, ауруханада көз жұмған.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, әкімшілік полиция инспекторының мектеп бітірген баласын алтын белгі иегері пышақтап өлтірген болатын. Олардың арасындағы дау би кешінде сотталушының абайсызда жәбірленушінің аяғын басып кетуден басталған.

Бүгінде алтын белгі иегері Бекназ Кеңшілік ҚР ҚК-нің 99 бап 9, 14 тармақшаларымен қылмыстық жауапқа тартылуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
11
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel