RU
Әннің сөздерін тегін алғысы келген Әбдіжаппар Әлқожа тыңдармандарын ашуландырып алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әннің сөздерін тегін алғысы келген Әбдіжаппар Әлқожа тыңдармандарын ашуландырып алды

Рассказать Вконтакте

Әбдіжаппар Әлқожа әннің сөздерін ақыға сататын авторларға жоламайтынын айтып, басы дауға қалды. Әншінің "тегін" дүниеге құмартқанын байқаған оқырмандар оны аяусыз сынап тастады деп хабарлайды "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Ән сатып алған, сөз сатып алған жігіт емеспін. Өзімнің авторларым бар. Арамызда сыйластық жүреді. Тойына, концертіне тегін барамын. "Әнімді сатам" дегендер ұнамайды. Бірден қашамын. Хит әнді беретін Алла тағала", - деді Әбдіжаппар Әлқожа.

Ал желі қолданушыларына әншінің бұл сөзі жақпай қалған.

"Масқара! Дені дұрыс жігіт деп жүрсем", "Ақшаға құныққан ғой әбден", "Әнді ақшаға сататындарды жақтырмасаң, тойларда сен де тегін айт", "Олардың бала-шағасының аузы жоқ па? Сендерге ғана ақша керек пе?", "Сендерге тегін сыйлай берсе, немен күн көреді олар?", "Сені сыйлайтын едім. Мына сөзіңнен соң көңілім қалды", "Әрнәрсенің сұрауы болады ғой" деп ашуланды Әбдіжаппардың тыңдармандары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
2
0
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel