Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас қызбен төсектес болған молда өзін сынағандарға жауап берді

Опубликовано:

Өзбекстандық дін қызметкерінің жас қызбен төсектес болған сәті әлеуметтік желіге таралып кеткен болатын. 61 жастағы қария өзін сынаған адамдарға жауп берді деп хабарлайды newtimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:Видеодан кадр
Фото:Видеодан кадр: UGC

Абдухамид Атажанов видеоны осыдан 6 жыл бұрын милиция қызметкерлерінің түсіргенін айтады.

"Менің әйелім жоқ. Сондықтан ешқандай да күнә жасамадым. "Молдаларға төсек қатынасымен айналысуға болмайды" деген сөз бар ма? Мен өз үйімде әйелмен жатыр едім, кіріп келді. Ол әйелді де қинамадым. Маған "массаж жасап беремін" деп өзі келді", - дейді дін қызметкері.

Айта кетейік, 61 жастағы қарияның балалы бола алмай жүрген әйелдерді емдейтіні белгілі болды. Тіпті, оның көмегіне жүгінген бірнеше әйел өздеріне сексуалды сипаттағы әрекет жасағанын да айтқан. Алайда молда мұның барлығын жоққа шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750886-zas-kyzben-tsektes-bolgan-molda-zin-synagandarga-zauap-berdi/

pixel