Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүкті екенін" естіп, төбе шашы тік тұрған азаматқа қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Ақ халаттылардың алдына келіп, өзінінің" аяғы ауыр екенін естіген" өскемендік азаматтың оқиғасы көпшілікті таңғалдырған еді. Қисынсыз оқиғаға қатысты, көп ұзамай, тиісті мекеме басшылығы түсініктеме берді деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото medaboutme.ru сайтынан алынды
Иллюстрациялық фото medaboutme.ru сайтынан алынды: UGC

Олардың айтуынша, тексеру парағында ер азамат жүкті деп жазылған колонкасы кездейсоқ пайда болған. Жігіттің алдында қабылдауға жүкті әйел келген көрінеді. Дәрігер науқастардың көптігінен мәліметтерді тексермепті. Өзін жүкті етіп шығарған азамат болса, дәрігерлерге ешқандай кінә артпайды.

Ал әлеуметтік желіге диагнозы жазылған қағазды оның туысы жариялапты.

"Бұл жағдай бойынша, дәрігер бұл азаматқа компьютерде дайын тұрған шаблонды жіті оқымай бірден принтеріне жіберген. Яғни мұнда бұл азаматтан бұрын келген жүкті келіншектің диагнозы жазылып тұрған. Алдағы жиналыстарда құжатты басып шығармас бұрын, қайта оқуға баса назар аудару қажет екендігін айтатын боламыз", - дейді медициналық қызметтің сапасын бақылаушы директордың орынбасары Александр Киреев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750892-zkti-ekenin-estip-tbe-sasy-tik-trgan-azamatka-katysty-zaa-derek-sykty/

pixel