RU
Қызылорда бір ғана мектепте бірінші сыныптан 21 класс ашылған
Жаңалықтар Қоғам

Қызылорда бір ғана мектепте бірінші сыныптан 21 класс ашылған

Рассказать Вконтакте

Қызылордада бір ғана мектепте бірінші сыныптан 21 класс ашуға тура келген. Өйткені қалада бір білім ордасының өзінде 700-ге жуық оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттапты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: kavkazplus.com

Көрнекі фото: kavkazplus.com

Қаладағы оқушылар саны ең көп үш тілді білім беретін "Мұрагер" деп аталатын мектепке биыл 3736 оқушы келді. Тіпті балалардың санының көптігі соншалық, алғаш мектепке келген оқушылардың өзі 21 сыныпқа бөлініпті.

Ал ата-аналар бұл білім ұясының білім сапасы жақсы болғандықтан ғана қаланың түпкір-түпкірінен балаларымызды осында беріп отырмыз дейді. Дегенмен  жаңа мектептің керек екенін айтады.

Ұзын саны 4 мыңға жетіп қалған бір мектеп оқушыларына 400-дей ұстаз білім береді. Ал шенділердің осы аумаққа жаңа мектеп салу жоспарлары болғанымен, құрылыс әзір басталмаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel