RU
Шымкентте жезөкшелердің дыбыстарынан мезі болған жұрт жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте жезөкшелердің дыбыстарынан мезі болған жұрт жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жезөкшелерден мезі болған тұрғындар шағым айтты. Қаланың қақ ортасындағы Төлеген Айбергенов көшесін жағалай тұрып, пәтерлерін жалға беретіндер клиенттерге жеңіл жүрісті қыздарды да ұсынады екен деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: globallookpress.com

Көрнекі фото: globallookpress.com

Қазақтың көрнекті ақыны Төлеген Айбергенов атындағы көшедегі үйлер соңғы 5 жылда жезөкшелердің ордасына айналған. Пысықайлар кезінде мұндағы үйлерден көптеп пәтер алып, оларды сағаттап жалға беруде. Қазір әр подъезде 5-6-дан жалдамалы пәтер бар және әрқайсынан күндіз-түні бөтелкенің сылдыры мен сылқымдардың ыңғайсыз дыбыстары естілуде.

"Жыныстық қатынастың дыбыстары шығады. Түні бойы сол. Бала-шаға сұрайды. Оларға не деп түсіндірем?", - дейді Наргиз Ералиева Шымкент қаласының тұрғыны.

Түнгі серуеннен ауланы қоқыс басқан. Бүлдіршіндер болса мүшеқапты шар деп үрлеп, ересектердің есін шығаруда. Әбден мезі болған жұрт ескерту жасап, олармен өзінше күресуге көшкен. Тек пәтерді жалға берушілер мен алушылар қазір жұртты ашық қорқытуды шығарыпты.

"Бала-шағаңды ойласаңдар менің жұмысыма кедергі болмаңдар деп айтады. Прокуратураны сатып алғам, полицияны сатып алғанмын, олар маған жұмыс істеуге рұқсат берді, сендер кімсіңдер деп қоқаңдайды", - дейді қала тұрғынының бірі. Жеңіл жүрістілердің әркетінен әбден шаршаған ел соңғы үш жылдан бері әкімдіктен бастап, полиция, прокуратураға шағымданумен келеді. Алайда одан нәтиже шықпаған көрінеді.

Енді тұрғындар жаппай қол жинап, Шымкенттен шығара алмаған нәтижені Астаналық шенеуніктерден сұрап көрмек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
1
5
0
1
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel