RU
ШҚО-да төрт күн бойы иен далада адасқан 5 жасар бала аман-есен табылды
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да төрт күн бойы иен далада адасқан 5 жасар бала аман-есен табылды

Рассказать Вконтакте

ШҚО-да 29 тамыз күні Күршім ауданы, Сарыөлең ауылында велосипедпен үйінен шығып кетіп, із-түзсіз кеткен балақай аман есен табылды деп хабарлайды altaynews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: myslo.ru

Көрнекі фото: myslo.ru

Бес жасар Қаршығаны іздеуге АІІБ, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, №9 суда құтқару бөлімшесі, аудан әкімі мен орынбасарынан бастап, үш ауылдың тұрғындары, еріктілер және әскерилер, отбасының жақындары ат салысқан.

Нәтижесінде бірінші күннен-ақ іздеу жұмыстарына табандылықпен кіріскен бүлдіршіннің туысы, Серікбек Қожырақаев пен Тұрысбай Мұхадір есімді азамат бірнеше күн далада адасып, қарны әбден ашып, тоңып қалған баланы тауып алған.

"Сол кездегі жағдайымды сөзбен жеткізу мүмкін емес шығар. Кішкентай жиенімді қол-аяғы бүтін, тірідей тауып алғанымда ағыл-тегіл жылап, тізерлей кетіппін. Бірнеше күн бойы ауа райы да бұзылып, жаңбырлатып, салқындап кеткен еді сол кезде. Үмітіміз бен күдігіміз қатар жүріп, іздеуді жалғастыра берген едік. Үмітімізді үздірмей, қолдау көрсетіп, іздеу жұмыстарына атсалысқан жерлестерімнің барлығына алғыс айтамын", - дейді Қаршығаның нағашысы Серікбек.

2 қыркүйек күні күндізгі сағат 11 шамасында табылған балақай анасымен бірге дәрігерлердің бақылауында болған кейін екі күннен соң үйіне оралған.

Ауруханаға түскен кезде баланың бойынан суық тию, жарақат сияқты ешқандай сырқаты анықталмады. Дәрігерлер оның жағдайы қанағаттанарлық күйде деп отыр.

Ал Қаршығаның ата-әжесі немересінің тезірек табылуына атсалысқан барша азаматтарға алғыстарын айтып, той жасаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel