RU
Өзін асырап алатынын естіген жетім қыз қуаныштан көз жасын тоқтата алмады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Өзін асырап алатынын естіген жетім қыз қуаныштан көз жасын тоқтата алмады

Рассказать Вконтакте

Туған күнінде өзін асырап алуға әзір ерлі-зайыптылардан қуанышты хабар естіген жетім қыз шаттықтан жылап жіберді деп жазады Tasbaka сайты.

Facebook желісінде жария болған бұл жайттың видеосы 16 миллионнан астам қаралым жинап үлгерген.

Белгілі болғандай, он жасар Айви соңғы үш жылын асырап алушы отбасыларда өткізген екен. Ал бүгінде Айвиді Дэниел мен Пейдж Зезулка ресми түрде асырап алды.

Айвиді асырап алуға рұқсат алған ерлі-зайыпты бұл қуанышты хабарды қыздың туған күнінде сыйлық ретінде қағазға жазып қояды.

Олар Айвидің үш жасар туған інісі мен екі жасар сіңлісін де асырап алмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
21
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel