RU
Ауа-райы болжамы: Шығыс Қазақстанда 1-2 градустық үсік жүреді
Жаңалықтар Қоғам

Ауа-райы болжамы: Шығыс Қазақстанда 1-2 градустық үсік жүреді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал ететін болады деп хабарлайды Қазгидромет орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Gismeteo

Фото: Gismeteo

Cондықтан  ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстік-батысы мен қиыр солтүстік аумағында төмен қысым әсерінен аздаған жаңбыр күтіледі.

Республикасының солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығының кей жерлерінде түнде және таңертең үсік жүру сақталады.

Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең, Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей  жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай, Солтүстік қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-2 градус үсік жүреді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel