RU
Оралда жоғалып кеткен 22 жастағы мұғалім өлі табылды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Оралда жоғалып кеткен 22 жастағы мұғалім өлі табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

1 қыркүйек күні із-түзсіз жоғалып кеткен оралдық арудың денесі табылды. 22 жастағы қыздың өліміне байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: 22 жастағы ару

Фото: 22 жастағы ару

Қызының жоғалғаны жайлы ішкі істер басқармасына 56 жастағы әйел арыз тастаған. Полиция қызметкерлері, бойжеткеннің жоғалмас бұрын жігітімен ұрысып қалғанын анықтады.

"22 жастағы қыз бастауыш сыныптарға сабақ берген. Оны іздеу үш күнге жалғасты. 4 қыркүйек күні Шаған өзенінен оның денесі табылды. Бойжеткеннен зорлық іздері байқалмады. Тергеуді Абай бөлімшесі жалғастырады", - деп хабарлады Батыс Қазақстанның ішкі істер департаменті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
6
0
23
1
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel