RU
СҚО-да бомба барын ескерткен 51 жастағы әйел сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

СҚО-да бомба барын ескерткен 51 жастағы әйел сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінде бомба қойылғанын айтып, ішкі істер органдарына жалған ақпарат берген 51 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: teleport2001.ru

Фото: teleport2001.ru

2018 жылдың сәуір айында сотталушы әйел "Сокол" сауда үйіне жарылғыш қойылды" деп хабарлап, жұртты дүрліктерген болатын.

Жалған хабарламадан соң қаладағы барлық күш құрылымдары жұмылып, халықты қауіпсіз жерге көшіріп, әуреге түскен болатын. Алайда аталмыш сауда үйінен бомба табылмаған.

Көп өтпей жалған хабар беріп, қоңырау шалған адам ұсталды. Сот үкімімен 51 жастағы сотталушы бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel